» » Еспе бастауыш мектебі

 
 
 

Еспе бастауыш мектебі

Автор: admin от 26-02-2020, 04:54, посмотрело: 317

0
Еспе бастауыш мектебі бойынша
"Мектеп асханасы» акциясының 27 қаңтар-27 ақпан аралығындағы іс-шара жоспарына мәліметі
Еспе бастауыш мектебі 2019-2020 жылы оқу жылы қыркүйек айында «мектепке кейбір тағамдардың түрлерін пайдалануға тыйым салынғаны туралы» «Адалдық алаңы» «Бракераж комиссиясын құру туралы» 2019-2020 жыл жалпы буфеттік тамақты ұйымдастыру» бұйрықтары бекітіліп мектепшілік іс – шара жоспарлары жасалды.
27қаңтар – 27 ақпан аралығында мектеп асханасы айлығы жүргізілді. 27-ші қаңтар күні «Адалдық пен әділдік» сынып сағаты өткізілді. Дәрісті өткізудегі мақсаты: Оқушыларды адалдық, әділдік, шыншылдыққа тәрбиелеу болды. Әр баланың бойына адами құндылықтарды сіңіріп, олардың адам үшін маңызын түсіндіру, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағыттай отырып, әдептілік ережелерін үйрету көзделді.
3-ші ақпан «Тамақтану мәдениеті» тақырыбында сауалнама алынды.
10-шы ақпан күні «Адалдық өмірден қымбат» сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Адамның ниеті, ойы, іс – әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез келген адамның өз қолында екенін түсіндіру. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
17-ші ақпан «Адалдық адамдықтың белгісі» атты баяндама оқылды.
24-ші ақпан «Ас адамның арқауы» атты сынып сағаты өткізілді. Бұл өте құнды мақал. Дұрыс тамақтану адам денсаулығына пайдалы. Өйткені денсаулықтың жақсы болуы дұрыс тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану әсіресе балалар үшін өте қажет. Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады. Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақтарды бір мезгілде ішу керек. Күніне 4рет тамақтанса тіпті жақсы.

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.